22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №407

286 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-8) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В.ШКОЛЬНИК 2015 жылғы 8 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы №407 бұйрығымен бекітілген Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар 1. Жалпы ережелер 1. Осы Талаптар «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақ­стан Республикасы Заңының 5-бабы 6-8) тармақшасына сәйкес және технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу мақсатында әзірленген. 2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) номиналды қуат – номиналды деректерге қосылған шығу қуатының сандық мәнi; 2) технологиялық процесс - бастапқы материалды керекті тауарға түрлендіретін біртұтас процесті құрайтын тізбектік орындалатын операциялар жиынтығы. 3) жүктеме - уақыттың осы сәтінде электр желісімен немесе онымен біріктірілген тетікпен айналмалы электр машинасынан талап етілетін электрлік және механикалық шамалардың барлық сандық мәндерi; 4) қайталанатын - қысқа уақыттық кезеңдік режим - жылудың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін жүктемемен жұмыс істеу ұзақтығы жеткіліксіз болғанда қозғалтқыш жұмысының біркелкі циклдерінің бірізділігі; 5) режим - егер бұл қажет болса, іске қосу кезеңдерін, электрлік тоқтатуды, бос жүрісті, ажырату және тыныштық күйін, сондай-ақ олардың ұзақтығы мен уақыттағы бірізділігін қоса алғанда, машина арналған жүктеменiң (жүктемелердің) өзгеру сипаты; 6) электр қозғалтқыш - электр энергиясын айналмалы не үдемелі қозғалыстың механикалық энергиясына түрлендіруге арналған электр-механикалық құрылғы; 7) электр қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентi (бұдан әрi - ПӘК) - пайызбен көрсетілген электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуаттың электр қозғалтқыштың желіден тұтынатын активті қуатының киловатпен көрсетілген қатынастарына тең коэффициент; 8) цемент өндіру – пайдаланылатын өндіру тәсіліне тәуелді энергияны қажетсінетін технологиялық процесс; 9) цемент өндірудің сулы тәсілі - шикізат материалдарын (көбінесе жоғары ылғалдылықпен) судың әсерімен шикі зат шөгіндісін түзе отырып ұнтақтайтын цемент өндіру тәсілі; 10) цемент өндірудің құрғақ тәсілі - шикізат материалдарын ұнтақ түрінде шикізат диірменінде ұнтақтайтын және кептіретін цемент өндіру тәсілі; 11) жылу алмастырғыш - жылуды қызғаннан (сұйық немесе газ түріндегі) анағұрлым суық жылу тасымалдағышқа жеткізіп беруге арналған құрылғы; 12) декарбонизатор - суды ауамен үрлеу арқылы судан бос көмір қышқылын жоюға арналған аппарат; 13) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені; 14) энергетикалық тиімділік - өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну. 3. Осы талаптар технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының мына тобына таралады: 1) электр қозғалтқыштар; 2) жарық көздері; 3) цемент өндірісі. 2. Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптары 4. Осы Талаптар: 1) 0,75 - тен 375 киловаттқа дейін (бұдан әрi - кВт) қоса алғандағы қуатпен; 2) 2, 4, 6 полюс сандарымен; 3) ток жиілігі 50 герц, кернеу 1000 В дейiнгі; 4) номиналды циклдiк ұзақтығы 80 % немесе одан жоғары, жұмыс режимі үздіксіз немесе қайталанатын қысқа уақыттық кезеңдік, арнаулы жалпы, қысқа-тұйық роторлы үш фазалық асинхрондық электр қозғалтқыштарға (бұдан әрi - электр қозғалтқыштар) қолданылады. 5. Электр қозғалтқыштардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі бойынша көрсеткіші пайдалы әсер коэффициентi болып табылады. 6. Осы талаптар полюстардың саны 8 және одан жоғары электр қозғалтқыштарға, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлiктерінде қолданылатын арнайы қозғалтқыштарға, жарылыстан қорғалған қозғалтқыштарға, сырғанау мүмкіндігі жоғары көп жылдамдықты қозғалтқыштарға қолданылмайды. 7. Электр қозғалтқыштарға ПӘК мәндері бойынша талаптар қойылады, олар осы Талаптардың 1-қосымшасында көрсетілген электр қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффиценттеріне тең немесе жоғары болуы тиіс. 3. Жарық көздері энергия тиімділігі бойынша талаптар 8. Жарық көздері үшін энергия тиімділігінің көрсеткіштері: 1) жарық беру; 2) шамдар үшін басқару жабдықтары немесе жапсарлас балластар орналастырылған қуатының коэффиценті болып табылады. 9. Жарық беру көздері үшін мынандай ішкі жарықтандыру үшін қолданылатын ең аз жарық беруге және жарықдиодтты жарық көзімен түс беру индексіне қойылатын энергия тиімділік талаптары белгіленеді, олар осы Талаптардың 2-қосымшасында көрсетілген. 10. Жарықдиодтты жарық көзімен ең аз жарық беретін шамдарға қойылатын талаптар мына шамдарға таралмайды: 1) кемінде 150 люмен жарық ағыны бар шамдар; 2) жапсарлас қуат көздерімен жұмыс істейтін шамдар, мысалы, күн батареялары; 3) жалпы және жергілікті жарықтандыру мақсатына арналмаған шамдар; 4) шамдар, олар үшін жарық беру жөніндегі әдістер мен стандарттардың болмауы. 11. Қоршаған ортаның темпетарурасы 250С болған кезде екі цокольдық люминесцентті және натрий, металлгаллогенді шамдар үшін энергия тиімділігі бойынша ең аз жарық беру талаптары қойылады, олар осы Талаптардың 3-қосымшасында көрсетілген. 12. Ішкі жарықтандыруға қолданылатын жарықдиодтты жарық көзімен коррелирденген түсті температуралы шамдар, 5000 К аспауы тиіс. 13. Жапсарлас басқару құрылғысымен жарықдиодты жарық беретін шамдар үшін қуат коэффицентінің рұқсат берілген ең аз мәндеріне қойылатын талаптар, олар осы Талаптардың 4-қосымшасында көрсетілген. 14. Екі цокольдық люминесцентті шамдардың түс беру индексі 80-нен кем емес болуы тиіс. 15. Жарық беру көздерінің қызмет мерзімі дайындаушының жариялағанына сәйкес болуы тиіс және сынақ зертханасының сынау хаттамасымен расталуы тиіс. 4. Цемент өндірісі кезіндегі энергия тиімділігі бойынша талаптар 16. Осы талаптар құрғақ және сулы тәсілмен цементті өндіруге таралады. 17. Цемент өндірісінің энергия тиімділік көрсеткіштері тұтынуы цемент мынадай көрсеткіштерден аспауға тиіс бір тонна цемент өндіруге энергия ресурстарын тұтыну болып табылады: 1) құрғақ тәсіл кезінде - 120 кВт*сағ/тонна; 2) сулы тәсіл кезінде - 130 кВт*сағ/тонна. 18. Цемент өндірісі кезіндегі энергия тиімділігі бойынша негізгі талаптар: 1) энергия менеджменті жүйесін ендіру; 2) белгіленген параметрлерге сәйкес пеште тұрақты және бір қалыпты күйдіру процесіне қол жеткізу; 3) пешке түсетін барлық заттарды мұқият іріктеу және бақылауды жүзеге асыру; 4) тұрақты негізде процесс параметрлерін өлшеуді және мониторингін орындау; 5) декарбонизатор және көп сатылы жылу алмастырғышы бар құрғақ тәсіл пештеріне қолдану. Осы тармақпен көзделген талаптар тек жаңа және толық қайта құрылған зауыттарға таралады. 19. Оңтайландырылған және жақсартылған пеш жүйесін және белгіленген параметрлерге сәйкес пештің тұрақты және бірқалыпты пайдалану процесін мынадай шешімдерді қолдану арқылы, цемент өндіру барысында жылу шығынын төмендету бойынша талаптар: 1) компьютерлік автоматтық бақылауды қоса есептегенде, процесті бақылауды оңтайландыру; 2) отын берудің заманауи таразылау жүйесі; 3) қолданыстағы пештің пішін үйлесімін ескере отырып, декарбонизатор және жылу алмастырғышты кеңейту; 4) шикізат материалын кептіру үшін жылу алмастырғыштан немесе пешті салқындату аймағынан артық жылуды қайтарымдау; 5) пайдаланылатын отынның және шикізат материалының қасиеттері мен сипаттамаларына сәйкес тиісті циклондар санын қолдану; 20. Келесі техникалық шешімдерді бірлесе немесе бөлек қолдану арқылы цемент өндіру барысында электр энергиясын тұтынуды төмендету бойынша талаптар: 1) электр қуаттарын басқару жүйесін пайдалану; 2) үгіту жабдықтарын пайдалану. Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 1-қосымша Электр қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенттері (%) Р/с № Pн (нақтылы қуат) кВт Полюстер саны 2 4 6 1 2 3 4 5 1 0,75 72,1 72,1 70,0 2 1,1 75,0 75,0 72,9 3 1,5 77,2 77,2 75,2 4 2,2 79,7 79,7 77,7 5 3 81,5 81,5 79,7 6 4 83,1 83,1 81,4 7 5,5 84,7 84,7 83,1 8 7,5 86,0 86,0 84,7 9 11 87,6 87,6 86,4 10 15 88,7 88,7 87,7 11 18,5 89,3 89,3 88,6 12 22 89,9 89,9 89,2 13 30 90,7 90,7 90,2 14 37 91,2 91,2 90,8 15 45 91,7 91,7 91,4 16 55 92,1 92,1 91,9 17 75 92,7 92,7 92,6 18 90 93,0 93,0 93,3 19 110 93,3 93,3 93,3 20 132 93,5 93,5 93,5 21 160 93,8 93,8 93,8 22 200-ден 375-ке дейін 94,0 94,0 94,0 Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 2-қосымша Қоршаған ортаның темпетарурасы 250С болған кезде жарықдиодтты жарық көзінінің шамына ең аз жарық беруге қойылатын талаптар КЦТ, К Жарық беру люмен/Ватт, кемінде Түс беру индексі, кемінде 2700 70 80 3000 3500 80 4000 75 4500 5000 90 Жарықдиодты жарық көзі шамдары үшін талап етілетін жарық беру мәнінен төмен болуы мүмкін: Шамдардың параметрлері 250С болған кезде жарық берудің төмендеуі 95 ≥ Ra > 90 - 20 % Ra > 95 - 30 % Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 3-қосымша Қоршаған ортаның температурасы 250С болған кезде екі цокольдық люминесцентті шамдар үшін ең аз жарық беруге қойылатын талаптар Т8 (диаметрі 26 миллиметр) Т5 (диаметрі 16 миллиметр) Жоғары тиімділік Т5 (диаметрі 16 миллиметр) Жоғары қуат Орташа қуат (Ватт) Жарық беру люмен/Ватт, кемінде Орташа қуат (Ватт) Жарық беру люмен/Ватт, кемінде Орташа қуат (Ватт) Жарық беру люмен/Ватт, кемінде 18 75 14 86 24 73 36 93 21 90 39 79 58 90 18 93 49 88 35 94 54 82 80 77 Люминесцентті шамдар үшін талап етілетін жарық беру жоғарғыдағы кестелерде ұсынылған мынадай жағдайларда мәндерден төмен болуы мүмкін: Шамның параметрі 25 °C кезде жарық берудің төмендеуі Tc ≥ 5 000 K - 10 % 95 ≥ Ra > 90 - 20 % Ra > 95 - 30 % Екінші құты - 10 % Шамның қалтқысыздық коэффициенті ≥ 0,50 40 000 сағат пайдаланғаннан кейін - 5 % Ra≤ 60 жоғары қысымды натрий шамдарының ең аз жарық беруіне қойылатын энергия тиімділігі талаптары Шамның номиналды қуаты, Ватт Мөлдір құтысы бар шамдар үшін жарық беру люмен/Ватт, кемінде Мөлдір емес құтысы бар шамдар үшін жарық беру люмен/Ватт, кемінде Ватт < 45 60 60 45 < Ватт < 55 80 70 55 < Ватт < 75 90 80 75 < Ватт < 105 100 95 105 < Ватт < 155 110 105 155 < Ватт < 255 125 115 255 < Ватт < 605 135 130 Металлгалоген шамдардың ең аз жарық беруіне қойылатын талаптар Шамның номиналды қуаты, Ватт Мөлдір құтысы бар шамдар үшін жарық беру люмен/Ватт, кемінде Мөлдір емес құтысы бар шамдар үшін жарық беру люмен/Ватт, кемінде атт ≤ 55 60 60 55 < Ватт ≤ 75 75 70 75 < Ватт ≤ 255 80 75 255 < Ватт ≤ 405 85 75 Керамикалық жанғышы бар металлгалоген шамдардың ең аз жарық беруіне қойылатын талаптары Шамның номиналды қуаты, Ватт Ең аз жарық беру люмен/Ватт 30 < Ватт < 150 85 150 < Ватт < 400 90 Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 4-қосымша Жапсарлас басқару құрылғысымен жарықдиодты жарық беретін шамдар үшін қуат коэффицентінің рұқсат берілген ең аз мәндеріне қойылатын талаптар Жарық көзінің қуаты, Ватт Кемінде 5 5 – 15 дейін 15 – 25 дейін 25-тен астам нормаланбайды ≥0,6 ≥0,7 ≥0,9 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11321 болып енгізілді.